Бұлтты ортаны конфигурациялау

Бұлтты ортаны конфигурациялау шеберін пайдаланып Kaspersky Security Center конфигурациялау үшін сізге мыналар қажет:

Бұлтты ортада жұмыс істеу мүмкіндіктерін пайдаланғыңыз келмесе (мысалы, тек физикалық клиент құрылғыларының қауіпсіздігін басқарғыңыз келсе), бұлтты ортаны конфигурациялау шеберінен шығып, стандартты Басқару серверін жылдам іске қосу шеберін қолмен іске қоса аласыз.

Kaspersky Security Center бағдарламасын дайын AMI кескінінен орналастырып жатсаңыз, Басқару серверіне Басқару консолі арқылы алғаш қосылған кезде бұлтты ортаны конфигурациялау автоматты түрде басталады. Сондай-ақ, бұлтты ортаны конфигурациялау шеберін кез келген уақытта іске қоса аласыз.

Бұлтты ортаны конфигурациялау шеберін қолмен іске қосу үшін:

  1. Консоль ағашынан Басқару сервері түйінін таңдаңыз.
  2. Түйіннің мәнмәтіндік мәзірінде Барлық тапсырмаларБұлт ортасын конфигурациялау тармағын таңдаңыз.

Конфигурациялау уақыты шамамен 15 минут.

Бұл бөлімде:

Бұлтты ортаны конфигурациялау шебері туралы

1-қадам. Бағдарламаны белсендіру тәсілін таңдау

2-қадам. Бұлтты ортаны таңдау

3-қадам. Бұлтты ортадағы түпнұсқалық растама

4-қадам. Бұлтты ортамен синхрондау және кейінгі әрекеттерді анықтау

5-қадам. Бұлтты ортада Kaspersky Security Network конфигурациялау

6-қадам. Бұлтты ортада электрондық пошта арқылы хабарландыруларды жіберу әдісін конфигурациялау

7-қадам. Бұлтты ортада қорғаудың бастапқы конфигурациясын жасау

8-қадам. Орнату барысында операциялық жүйені қайта іске қосу қажет болған кезде әрекетті таңдау (бұлтты орта үшін)

9-қадам. Басқару сервері жаңартуларын алу

Сондай-ақ, қараңыз:

Сценарий: Бұлтты ортада орналастыру

Kaspersky Security Center 14.2 лицензиялары мен мүмкіндіктері

Орнату пакетін жасау

Басына оралу